Мемлекет басшысы Арменияға барды
Тоқаев пен Пашинянның келіссөзі басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасына ресми сапармен барды.
Арменияның мемлекеттік резиденциясында Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.
Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшысы мен Армения премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.