Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз, – деді ол
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Қазақстандағы су тасқыны жағдайына қатты алаңдап отырғанын айтып, өз ойы мен ішкі сезімін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз, – деді ол алаңдаушылығын жасырмай.
Айта кетсек, Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жекке шығып, соның екеуінде төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі 2017-2018 жылдары орта салмақта болды. Боксшылар соңғы жекпе-жекке 2022 жылы 18 қыркүйекте шықты.
Соңғы ақпаратқа қарағанда, азаматтық қорғау қызметтері 111 194 адамды, оның ішінде 39 222 баланы құтқарды. 11 950 адам үйлеріне оралды.
Уақытша орналастыру пункттеріне 6 814 адам орналасты. Оның ішінде 2 995 бала бар.
9,5 млн текге метрден астам еріген қар суы сорылды. 2,2 млн-нан астам қапшық пен 1,2 млн тонна инертті материал төселді. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды.