Әскери операцияның мақсаты - елді мекендерді террористерден тазарту
Түркия Сирияның солтүстігінде жаңа әскери операция бастады, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Түркия Сирияның Тель-Рифаат және Манбидж елді мекендерінде әскери операция «террористерден тазартудан» бастайды. Бұл туралы Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
«Біз Оңтүстік шекарамыздың бойында 30 шақырымдық қауіпсіз аймақ құру идеясының жаңа кезеңіне аяқ бастық. Тель-Рифаат пен Манбидждегі террористерді жоямыз және басқа аймақтардағы лаңкестерді де ұмытпаймыз», - деді Түркия басшысы.
Айта кетейік, Анкара 2016 жылдан бастап Сирияның солтүстігінде төрт операция жасап, жүз шақырымнан астам аумақты басып алды.