×

Марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиаданың жолдамасын алды

Ол 2 сағат 26 минут 42 секунд жүгіріп, мәреге төртінші болып жетті

 Дастан Жұмабекұлы 15.04.2024 | 09:33
Фото: kazsports.kz

Нидерландтың Роттердам қаласында 42,1 шақырымға жүгіруден (марафон) өткен жарыстан Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Ол 2 сағат 26 минут 42 секунд жүгіріп, мәреге төртінші болып жетті. Одан бұрын финишке 2 сағат 19 минут 30 секундта жеткен эфиопиялық Эшет Бекере жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орынды кениялық марафоншылар иеленді. Виола Кибивот (2:20:57) екінші, Селли Чепйего Каптич (2:22:46) қола жүлдеге ие болды.

Отандасымыз бұған дейінгі рекордты да 2022 жылы Роттердам қаласында 2:26:54 уақытпен жасаған болатын.

30 жастағы Жанна екінші рет Олимпиадаға қатысатын алғашқы марафоншы болып отыр.

Марафон 13-14 сәуірде өтті. Оған 17 мыңнан астам адам қатысты.

Қазір Қазақстанда спорттың 12 түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама