×

3 облыста жолдарды су басты

5 өңірде жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

 Дәурен Ерболат 15.04.2024 | 09:20
Фото: zhaikpress.kz

3 облыстағы 9 жол учаскесінде су тасқыны болды, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.

Биыл 15 сәуірде сағат 9:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай облыстары) 9 жол жүру учаскесінде (жалпы ұзындығы – 5 280 метр) су тасқыны болды.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай және СҚО) республикалық маңызы бар 11 автожолда (ұзындығы – 421 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 417 техника мен 523 адам жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама