Танымал қазақстандық дәрігер, ғалым қайтыс болды

Халық үні

Танымал қазақстандық дәрігер Әукен Мәшкеев өмірден өтті.

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Танымал қазақстандық дәрігер Әукен Мәшкеев өмірден өтті.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желіде хабарлады.

Кеше ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның «Педиатрлар Одағы» ҚБ басқарма төрағасының орынбасары, «Педиатрия және балалар хирургиясы» журналының бас редакторы Әукен Қиясұлы Мәшкеев өмірден озды.

Құрметті Дәрігер, Ұстаз, бүкіл өмірін балалар денсаулығын зерттеуге арнаған көрнекті ғалым, асқан инноватор, педиатрия саласындағы бірқатар ғылыми патенттердің иегері болды.

Әукен Қиясұлы балалардағы целиакия ауруын, ойық жара ауруын, дисбактериозды емдеудің жаңа әдістерін, диетотерапияны ұсынды және енгізді.

«Елдің денсаулық сақтау жүйесі, педиатриялық қоғамдастық саланың еңбек сіңірген қайраткері, өз ісінің қажымас энтузиасты, талантты дәрігер, беделді тәлімгердің өмірден озуына байланысты орны толмас қайғыға ұшырады. Осыған байланысты өз атымнан және Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан Әукен Қиясұлы Мәшкеевтің барлық туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды ол.