Полицейлер былтыр 13 маусымда Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды
Атырау қаласында Жайық өзенінің жағасынан ер адамның мүрдесі табылды.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін табылған мүрденің жеке басы анықталмаған.
«Бүгін, 14 сәуірде сағат 18:10 шамасында Жайық өзенінің «Атырау» ықшам ауданындағы жағасынан белгісіз ер адамның мүрдесі табылды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.
Полицейлер былтыр 13 маусымда Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды. Сол кезде сүңгуірлер 2008 жылғы жасөспірімді бір айдан астам уақыт іздеп, таба алмаған еді.