Бұған дейін президент Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдаған еді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі биылғы 25-26 сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы елдегі ауқымды су тасқынына байланысты өткізілмейтінін және 2025 жылға ауыстырылатынын хабарлады.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және іске асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды. Министрлік іс-шараға қызығушылық танытқандарға шынайы алғысын білдіреді және оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, - делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін президенттің Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдағанын жазған болатынбыз.