Енді елімізде жаңадан 57 су қоймасы салынады
114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді
Президенттің тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтірудің кешенді жоспарын әзірледі.
Жоспарда 57 жаңа су қоймасын салу, 133 гидротехникалық құрылысты, 7 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйені және 1200 шақырым топтық су құбырын қайта жаңартуды, сондай-ақ 3 628 тік дренажды ұңғыманы бұрғылау қарастырылған.
Бүгінде 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Суару жүйелерінің тозуы салдарынан тасымалдау кезінде судың шығыны мәселесін шешу үшін 14 мың шақырымнан астам каналды реконструкциялау жоспарланып отыр.
Жобаны 3 кезеңде іске асыру ұсынылған. 1-кезеңде 2024-2025 жылдары ұзындығы 3 500 шақырым 337 арнаны қайта жаңарту жоспарланды.