Halyq Uni логотип
×

Қырғызстан Қазақстанға тағы да гуманитарлық көмек жіберді

Бұл жолы көлікке қырғызстандық сүт өнімдері тиелген

 Еркеғали Болатұлы 14.04.2024 | 11:00
Қырғызстан Қазақстанға тағы да гуманитарлық көмек жіберді
фото: kapital.kz

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін «Жәрдем керуені» атты гуманитарлық жүктің екінші партиясын жөнелтілгенін мәлімдеді. Бұл туралы 24kg хабарлады.

Басылым мәліметінше, гуманитарлық жүкке қырғызстандық сүт өнімдері тиелген. Атап айтқанда, олар – 10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна голланд ірімшігі, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт.

Жүкті жинауға қырғызстандық тұрғындар көмектесті, Президенттің резервтік қорынан қосымша қаражат бөлінді, - деп хабарлады елдің Төтенше жағдайлар министрлігі.

Еске сала кетсек, сәуір айының басында Қазақстанға Қырғызстаннан гуманитарлық жүк келген болатын. Жамбыл облысына 300 тонна жүк тиеген 15 жүк көлігі жетіп, көмек Қазақстанның 4 облысына бөлінген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама