×

16 қазақстандық санаторий су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайды

Бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады

 Динара Амантай 13.04.2024 | 17:57
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында санаторийлік-курорттық ұйымдар азаматтарды тегін қабылдамақ, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қатысуымен көмек шеңберінде зардап шеккендерді тегін қабылдайтын 16 санаторийлік-курорттық ұйым айқындалды. Оның 12-сі Түркістан облысында орналасқан. Сондай-ақ, зардап шеккендерді қабылдауға дайындық туралы Бурабай, Семей, Алматы және Ақтөбе облыстарының Алға кентіндегі санаторийлер мәлімдеді.

Жалпы алғанда, бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады. Онда оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін болады. Бұл зардап шеккендерді мүмкіндігінше санаторийлік емдеумен қамтуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ жергілікті атқарушы органдарға санаторийлерде дереу орналастыру қажет адамдардың тізімін ұсыну қажеттігі туралы хабарлады.

Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына, соның ішінде балаларға қажетті медициналық көмек және психологиялық оңалту көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама