×

Су тасқыны жағдайында судың сапасы қандай – ДСМ жауабы

6 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды

 Динара Амантай 13.04.2024 | 16:36
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитариялық-химиялық, микробиологиялық талдауларға сынамалар алынды.

Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау көздерінен 6 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша бүгінде инфекциялық аурулардың таралу жолымен туындау қаупі өте төмен, – делінген министрлік хабарламасында.

Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Денсаулық сақтау министрлігінің күнделікті бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама