Сапар бір күнге жоспарланған
Биыл 15 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Арменияға барады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде Арменияға бір күндік ресми сапармен барып, премьер-министр Никол Пашинянмен және президент Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізеді, - деп жазылған хабарламада.
Президент сапар аяқталғаннан кейін Ереваннан еліміздің қарғын су басқан облыстарының біріне ұшып кетеді.