Оның құны 40 мың теңге болады
Air Astana еліміздегі су тасқыны кезінде ұшақ билетіне арнайы тариф енгізеді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
13-24 сәуір аралығында Air Astana және FlyArystan Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге арнайы тариф енгізбек.
Тарифтің құны бір жаққа эконом-класта – 40 мың теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға ұшатын рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізеді, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 9-18 сәуір аралығында Air Astana Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырған.