×

Ақтөбеде спорт мектеп-интернатының оқушысы көз жұмды

Оқиға кеше кешкі сағат тоғыз шамасында білім ошағында болды.

 Халық үні 12.04.2024 | 21:15
фото: Halyq Uni

Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмды. Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәлімгері есінен танып, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған, деп хабарлады КТК арнасы.

Оқиға кеше кешкі сағат тоғыз шамасында білім ошағында болды. Бексұлтан Әбубәкір мектептің еркін күрес бөлімінде оқыған. Есін жоғалтқан балаға мұғалімдер бірден жедел жәрдем шақыртқанымен, олар да ажалдан арашалап қала алмады. Марқұмның егізі де осы интернатта оқиды екен. Мектептегілер оқушының бұрын дерті болмаған деп отыр.

«Жатақханада болған жағдай. Түнгі сағат 10-да ұйқыға жатады. Оқиға 9-дан кете болды. Тәрбиешілер бәрі график бойынша орнында болған, құлаған кезде алғашқы медициналық көмек берген. Тәрбиешінің сертификаты бар. Ондай ауруы болған жоқ, спортпен шұғылданып жүрген бала ғой», - дейді Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты директоры Қайрат Әжбағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама