Алты облыста республикалық маңызы бар 13 жол жабылды
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқынына қатысты ақпаратты жариялады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқынына қатысты ақпаратты жариялады.
2024 жылғы 12 сәуірдегі сағат 19:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай, ШҚО) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8715 метр болатын су тасқыны орын алды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында (ұзындығы 618 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 724 бірлік техника мен 1851 адам жұмылдырылған.