×

39 жыл КСРО төлқұжатымен жүрген әйел Қазақстаннан зейнетақы алатын болды

Ол құжаттарын уақытында рәсімдеп үлгермеген

 Дәурен Ерболат 12.04.2024 | 17:13
Фото: 31tv.ru

Қостанай облысында прокурорлар 39 жыл КСРО төлқұжатымен жүрген әйелге көмектесті, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Қарабалық ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ зейнет жасындағы әйелді анықтаған.

Ол 1985 жылдан бастап Қазақстан аумағында КСРО төлқұжатымен тұрып, зейнетақы алу үшін құжаттарды рәсімдей алмағанын айтқан. Көші-қон қызметі қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қазақстан азаматының жаңа жеке куәлігін алуға көмек көрсетілді. Қазір тұрғынға зейнетақы төлемін рәсімдеуге көмек көрсетіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама