Қазақстандық оқушылар еуропалық математикалық олимпиадада бақ сынайды
Ел намысын 4 оқушы және 2 жетекші қорғайды
![](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/04/12/66190f8a86767897529200.jpeg)
Қазақстандық оқушылар еуропалық математикалық олимпиадада бақ сынайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Грузияның Цхалтубо қаласында қыздарға арналған еуропалық математикалық олимпиада ЕGМО-2024 басталды. Жарысқа әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысып жатыр.
Қазақстан намысын 4 оқушы және 2 жетекші қорғайды.
Олар:
- Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;
- Аружан Батырхан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы;
- Анастасия Одинцова – Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
- Арай Касенова – Haileybury Almaty мектебінің 11-сынып оқушысы.
Айта кетсек, алғаш рет ЕGМО 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өтті. Қазақстан Республикасының құрама командасы Олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдары олар 3 алтын, 9 күміс, 10 қола және 4 құрмет грамотасын жеңіп алды.