Алматыда тағы да жер сілкінді

Динара Амантай

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан

Фото: Halyq Uni / Айгерім Таубай

Алматыда тағы да жер сілкінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі «СЗжБҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 12 сәуірде Алматы уақытымен сағат 13:13-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 273-шақырым жерде орналасқан.

Алматы қаласында (MSK-64 шкаласы бойынша) 2 балл сезілді.