×

18 жыл: eGov.kz платформасында 450 миллионнан астам қызмет көрсетілген

Порталды 14 миллионнан астам қазақстандық пайдаланған

 Динара Амантай 12.04.2024 | 12:53
Фото: baigenews.kz/Артем Чурсинов

Бүгін eGov.kz платформасының іске қосылғанына 18 жыл толды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өткен жылдар ішінде eGov.kz азаматтарға қажетті қызметтерді онлайн режимде ыңғайлы түрде ұсынып, өзінің бірегей және тиімді екенін дәлелдеді. Ұзын-сонар кезектер мен қағазбастылық мәселелерін жедел шешу тетікті бір рет басу арқылы жүретін болды.

Министрдің айтуынша, порталды 14 миллионнан астам қазақстандық пайдаланып, 450 миллионнан астам қызмет алған. Ал еGOV mobile мобильді қосымшасында 9 миллионға жуық белсенді пайдаланушы тіркеліп, оларға 65 миллионға жуық қызмет көрсетілді.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ұжымына баға жетпес үлесі, еңбегі мен адалдығы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздер көрсеткен күш-жігердің арқасында біз мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және пайдалануға ыңғайлы ету арқылы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарта алдық. Жаңа функциялар мен мүмкіндіктерді енгізе отырып, мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету бойынша жұмысты жалғастырамыз.

Біздің алдымызда әлі де көп жұмыс бар, бірақ кез келген сын-қатерді еңсеріп, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жаңа биіктерге жете алатынымызға сенімдімін», – деп жазды Бағдат Мусин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама