×

Су тасқыны болған аймақтарда кәсіпкерлер азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

10 өңірде 46 әкімшілік қаулы шығарылды

 Динара Амантай 12.04.2024 | 11:42
Фото: Halyq Uni

Сауда министрлігі әкімдіктермен және өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялармен бірлесіп, сауда объектілеріне азық-түлік тауарлары қорларына тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай режимі жарияланған облыстарға тауарларды жеткізуде проблемалар байқалмайды.

Су тасқыны басталғаннан бері 10 өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардан 767 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатылды.

Оның ішінде:

  • пияз – 429 тонна;
  • картоп – 587 тонна;
  • сәбіз – 332 тонна;
  • қырыққабат – 246 тонна;
  • ұн – 70 тонна;
  • рожки – 9 тонна;
  • қарақұмық жармасы – 2 тонна;
  • күріш – 61 тонна;
  • күнбағыс майы – 4 тонна;
  • тауық еті – 7 тонна;
  • қант – 37 тонна;
  • тұз – 20 тонна.

Сонымен қатар 2 млн 224 мың дана жұмыртқа сатылды.

Өңірлерде төтенше жағдай кезінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен қамтамасыз етудің сауда объектілерімен жасалған меморандум бар.

Бұдан басқа, күн сайын сауда желілерімен және ішкі сауда субъектілерімен жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни тауарлардың бағасын көтермеу және қолжетімсіз сауда нысандарын азық-түлікпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі.

Су тасқыны кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін еліміздің 10 өңірі бойынша 46 әкімшілік қаулы шығарылды. Оның ішінде 6 айыппұл салынып, 40 ескерту берілді. Мысалы, күнбағыс майына, жұмыртқаға, қарақұмыққа және сәбізге сауда үстемені асырғаны үшін Ақтөбе облысындағы 2 сауда объектісі және Атырау облысындағы 2 сауда объектісі қарақұмық, картоп, қырыққабат және қантқа сауда үстемені асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетсек, бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда 8 (7172) 74-37-35 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Сондай-ақ министрлік тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің барлық өкілдерін азаматтық бастама көтеріп, кәсіпкерлермен бағаның өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама