Halyq Uni логотип
×

67 елді мекенге барыс-келіс үзілді

4 мыңға жуық үйді су басқан

 Дәурен Ерболат 12.04.2024 | 09:37
67 елді мекенге барыс-келіс үзілді
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 8 өңірде төтенше жағдай режимі жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Өңірлерге қолдау көрсету және су тасқыны салдарын барынша азайту жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Вице-премьердің айтуынша, 8 өңірде төтенше жағдай режимі енгізілген. 3,5 мыңға жуық жекеменшік үй су астында, ал 67 елді мекен көлік қатынасынсыз қалған.

Күштер мен техниканың қосымша топтары жасақталды. Қиын жағдайға тап болған өңірлерге көмек көрсету үшін оңтүстік өңірлерден әскери қызметшілер жұмылдырылды. Сондай-ақ бірқатар облыста келтірілген залалды есептеу бойынша өңірлік комиссиялар жұмыс істеп жатыр.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев тиісті комиссиялар жұмысы аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерді жөндеуге және салуға өтемақы төлей бастайтынын атап өтті.

Су тасқынынан зардап шеккендердің басқа да мүлкі мен мал шығынын өтеу мәселелері жақын арада шешімін табады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама