6 облыстың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Жолдардың жалпы ұзындығы 8 мың 695 метрін су тасқыны бұзып кеткен
Еліміздің 6 өңіріндегі жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2024 жылғы 12 сәуірдегі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінің жалпы ұзындығы 8 мың 695 метр болатын бөлігін су тасқыны бұзып кетті, – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.
6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автокөлік жолында (ұзындығы – 618 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазір республикалық жолдарға 450 техника мен 853 адам жұмылдырылған.