Halyq Uni логотип
×

Су тасқыны: Үкімет жалған ақпарат тарататындарға ескерту жасады

Мұндай мәлімет халық арасында дүрбелең қаупін туғызады

 Дәурен Ерболат 12.04.2024 | 09:05
Су тасқыны: Үкімет жалған ақпарат тарататындарға ескерту жасады
Фото: egemen.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде көптеген жалған ақпарат таратылып, табиғи апатпен күресіп жүрген адамдардың жұмысын қиындатып жатыр. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, мұндай теріс әрекет қоғамда, әсіресе зардап шеккен өңірлерде жиі дүрбелең тудырады.

Осындай жалған хабарламалардың немесе төтенше жағдаймен күрес жөніндегі штабтардың жалған аккаунттарының барлық авторына бұл ақпаратты жариялаудағы жауапкершілік туралы ескерткім келеді. «Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы» заң бар. Оған сәйкес пайдаланушылар орналастырылған және таратылатын мазмұнның дұрыстығын тексеруге, жалған ақпаратты таратпауға, сондай-ақ мұндай ақпаратты және кез келген заңсыз мазмұнды жоюға міндетті.

Тиісті құрылымдар мұндай жалған ақпаратқа талдау жүргізеді. Дүрбелең тудырып, отандастарын алдаған кез келген азамат өз әрекеттері үшін ақы төлейтін болады», – деді су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары.

Мұндай деректерді таратқандарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама