Қазіргі барлығы 33 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланды
Ырғыз ауданының аумағындағы Торғай өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты Мамыр ауылының елді мекенін су басу қаупі туындады, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Осылайша ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен тұрғындарды Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына эвакуациялау жүргізілуде.
Қазіргі уақытта барлығы 33 адам, оның ішінде 24 бала эвакуацияланды.