×

Павлодар-Түркістан пойызында күтпеген жағдай болды (ВИДЕО)

№46 «Павлодар-Түркістан» бағытындағы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

 Халық үні 11.04.2024 | 23:21

Жас ана Зейнеп Әбдікәрімова жүктіліктің соңғы айында анасымен бірге Павлодардан Түркістанға №46 пойызбен жолға шыққан. Жол барысына жолаушының толғағы басталды.

Вагонның екі жолсерігі Анар Амандықова мен Назерке Талғарбаева әйелді аман-есен босандырып, қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қыз бала 10 сәуірде сағат 16:30-да дүниеге келді.

Пойыз жолаушылары баланың дүниеге келу сәтіне куә болып, жаңа туған нәрестенің анасы мен әжесін құттықтап жылы сөзін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама