×

Осы айдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өсетін болды

Базалық зейнетақы мен жәрдемақы да 4%-ға өсті

фото: dauletten.kz

Қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақыны маусым айынан бастап ала бастайды. Сондай-ақ маусым айында олар сәуір және мамыр айларының қосымша төлемдерін алады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ баспасөз қызметі. 

«12 мамырда заң қабылданды, оған сәйкес 1 сәуірден бастап 2022 жылға арналған инфляциялық дәлізді қайта қарауды ескере отырып, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) ынтымақты зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері қосымша 4% есеге индекстелді. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мен жәрдемақы да 4%-ға өсті», - делінген хабарламада. 

Заңға сәйкес, 1 сәуірден бастап:

  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3180 теңге мөлшерінде;
  • ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге;
  • ең төменгі күнкөріс деңгейі (ӨМ) – 37 389 теңге;
  • базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама