×

«Атырау тұрғындары қаладан жаппай кетіп жатыр»: ақпарат рас па?

Облыстық жедел штаб мәлімдеме жасады 

 Халық үні 11.04.2024 | 20:47

Атырау облысының тұрғындары жаппай кетіп жатқан жоқ. Облыстық жедел штаб осындай ақпарат таратты.

Жедел штаб әлеуметтік желіде Атырау теміржол вокзалының перронынан түсірілген видеоға түсінік берілді. 

Бейнежазба авторы жергілікті жұртшылыққа «тұрғындар қаладан жаппай кетіп жатыр» деген жалған ақпарат таратқан. Ал, кеше, 10 сәуір күні теміржол стансасына бір мезгілде төрт пойыз келді.

Бұл - Құлсарыдан вахталық жұмысшылар тасымалдайтын, «Атырау-Құлсары», Құрманғазы ауданындағы «Ақкөл» бағытына және Алматыға қатынайтын пойыз. Жолаушылар пойыздары жөнелтілгеннен кейін вокзал перроны босады. Қазір вокзалда ешқандай қарбалас жоқ», -деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама