Таразда көші-қон полициясының екі қызметкері ұсталды

Халық үні

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған

фото: zakon.kz

Ұлттық қауіпсіздік қызметі Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстағанын хабарлады.

10 сәуірде Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Тараз қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады. Олар заңсыз келген шетел азаматтарына жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген, - делінген ҰҚК хабарында.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.