Блокчейн және жасанды интеллект мектебі ЖИ бойынша курсты бастайды
Оқыту гибридті форматта өтеді
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының мәліметінше, жасанды интеллектке арналған курс 22 сәуірде басталады. Курсты ҚБТҚ мүшесі, ЖИ саласындағы сарапшы, Omega Server.Inc компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі және ондаған білім беру кітаптарының авторы Анатолий Гин өткізеді.
ҚБТҚ төрағасы Дәурен Қарашев қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығын арттыру осындай прогрессивті бастамаларды одан әрі ілгерілететін мектеп қызметінің басым мақсаты саналатынын атап өтті.
Өз кезегінде курстың авторы Анатолий Гин жасанды интеллект туралы білім алудың маңыздылығын атап көрсетті.
Әлемнің көптеген цифрлық және технологиялық революциялардың драйвері бола алатын ЖИ-дің орасан зор мүмкіндіктерін түсіне бастағаны жасырын емес. Қазақстан білімді қазіргі заманның сын-қатерлеріне тиісінше бейімдей отырып, жетекші елдермен бір қатарда тұратын барлық мүмкіндікке ие, – деп ерекше атап өтті ол.
«Жасанды интеллект: Қазіргі заманның басты сын-қатері» базалық курсы қатысушыларға осы технологияның әлеуетін ашуға және оны дамытудағы жаңа сын-қатерлермен танысуға мүмкіндік береді.
Оқыту гибридті форматта мына тақырыптар бойынша өтеді:
- Нейрожелілердің тарихы: Курсқа қатысушылар нейрондық желілердің бастапқы пайда болуынан қазіргі заманғы жетістіктерге дейінгі эволюциясына жасалған шолуды алады.
- Табиғи және жасанды интеллект арасындағы айырмашылықтар: Оқыту бағдарламасы жасанды интеллекттің адам интеллектінен қалай ерекшеленетінін және бұл айырмашылықтар технологияның дамуына қалайша әсер ететінін түсінуге көмектеседі.
- «ТРИЗ» технологиясы – проблемаларды жүйелі шешу және инновацияларды ынталандыру құралы бойынша шеберлік сыныбы.
Курсқа мына сілтеме арқылы жазылуға болады.
Анықтама үшін: Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығы (ҚБТҚ) – өңірдегі блокчейн-технологиялар мен дата-орталықтарды дамытумен және ілгерілетумен айналысатын жетекші ұйым. ҚБТҚ экономиканың өсуіне және азаматтардың өмірін жақсартуға ықпал ете отырып, инновациялар мен жаңа технологияларды дамыту үшін қолайлы орта құруға ұмтылады.