×

Тасқыннан зардап шеккен өңір оқушылары ағымдағы емтихан мен сынақты тапсырмайды

Білім жетістіктері мониторингінен 28 мектеп босатылды

 Динара Амантай 11.04.2024 | 16:16
Фото: Halyq Uni

Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.

Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 28 мектеп босатылды. Алты өңірде (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО) мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды. Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүргізіліп жатыр, – деді спикер.

Министрлік оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Эвакуациялық пунктердегі балаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінде 2 мың 393 бала оқу процесін ұйымдастырумен бірге орналастырылды:

  • бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-аналарымен бірге жіберіледі;
  • орта буындағы оқушылар республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлердің жатақханаларына («Дарын», РФММ, БИЛ және НЗМ) орналастырылады;
  • жоғарғы сынып оқушылары (9-11 сыныптар) уақытша колледждерге орналастырылады.

Министрлік балаларға қосымша 3 мың 182 орын әзірлеп қойды, - деді ведомствоның ресми өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама