×

Күрестен АЧ: Мейрамбек Қартбай қола жүлде үшін күреседі

Мейіржан Әшіров (70 келі), Санжар Мұхтар (65 келі) мен  Азамат Өміржанов (79 келі) жеңіліп қалды

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2024 | 15:25
Фото: kazsports.kz

Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында ұлттық құраманың спортшысы Мейрамбек Қартбай (57 келі) жартылай финалда қарсыласына есе жіберді.

Мейрамбек Қартбай мен Кенто Юмия арасындағы белдесуде 2:4 есебімен жапон балуаны жеңіске жетті. Оған дейін Қартбай ширек финалда өзбекстандық Нодирбек Жұманазаровты жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.

Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Мейіржан Әшіров (70 келі) Түркменстан спортшысы Перман Хоммадовтан айласын асырды. Одан кейін ол ¼ финалда тәжікстандық Мұстафо Ахмедовтан жеңілсе, Санжар Мұхтар (65 келі) да жарыста отандасының жолын қайталады. Ол да алғашқы айналымда Палестина балуанын мерзімінен бұрын жеңді. Содан кейін ширек финалда Рохит Рохиттан (Үндістан) жеңіліп қалды.

Ал 79 келіге дейінгі салмақта биылғы ел чемпионы Азамат Өміржанов алғашқы айналымда Биамбадорж Енхбаярдан (Моңғолия) жеңіліс тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама