Балуан былтыр Астанада өткен сары құрлық бәсекесінде күміс медаль иеленген
Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (92 келі салмақта) Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатының финалына шықты.
Жартылай финалда ұлттық құраманың 97 келіге дейінгі салмақтағы балуаны Үндістанның өкілін мерзімінен бұрын тізе бүктірді.
Ризабек Айтмұхан осыған дейін Бішкек бозкілемдерінде өзбекстандық Махсұд Вейсалов пен Қырғызстанның спортшысы Андрей Ароновты жеңген болатын. Енді ол финалда Бахрейннің спортшысы Ахмед Тажудиновпен немесе ирандық Мұхаммадхосейн Мұхаммадианмен күш сынасады.
Айта кетсек, Ризабек Айтмұхан былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында күміс медаль алған.