×

Атбасардан әзірше 100-ден астам адам көшірілді

Эвакуацияланған тұрғындардың арасында 25 бала бар

 Дастан Жұмабекұлы 11.04.2024 | 14:34
Фото: Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті

Ақмола облысындағы Атбасар қаласында өзен тасқыны мен қардың еріп, үлкен суға айналуы тұрғындарға сағат сайын қауіп төндіріп тұр.

Осы проблемаға байланысты Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті қаладан осы сағатқа дейін 111 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Эвакуациялаған адамдардың арасында 25 бала бар.

Халықты көшіруге жеке құрамдағы 411 адам мен жергілікті атқарушы органдар және азаматтық қорғаудың 60-тан астам техникасы жұмылдырылды.

Өкінішке қарай, 100-ден астам үй мен 1 мектеп су астында қалды. 200-ге жуық үй мен 2 мектепке су басу қаупі төніп тұр. Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, бүгін Атбасар қаласында таңғы сағат 4:58-де Жабай өзені шамадан тыс асып, қауіпті тасқын басталған еді. Осыған байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама