×

Біліктілікті арттыру курстарынан бастауыш сыныптың 10 мыңнан аса мұғалімі өтеді

Педагогтер материалды құндылыққа бағдарланған тәсіл бойынша зерделейді

 Динара Амантай 11.04.2024 | 13:07
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығында алғаш рет оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсіл бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оған бастауыш сыныптың 10 мың 389 мұғалімі қатысады.

Курс Біртұтас тәрбие бағдарламасында көрсетілген бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу құндылықтарына бағдарланған тәсілді қолдану бойынша педагогтердің құзыреттілігін жетілдіруге арналған.

Педагогтер материалды құндылыққа бағдарланған тәсіл бойынша зерделейді. Оқушылардың бойына патриотизм, еңбексүйгіштік, ауызбіршілік, әділдік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмыстың мазмұны мен оңтайлы әдістерін, тәсілдерін, нысандарын таңдауды үйренеді, – деді «Өрлеу» ҰБАО төрағасы Еламан Айболдинов. ????

Курста практикалық жұмыс пен талқылау ұйымдастырылады. Қатысушыларға талдау жүргізу үшін кейстер мен жобалар әзірлеу ұсынылады. Бастауыш сыныпта сабақ уақытында және одан тыс уақытта балаларды тәрбиелеу мазмұнын зерделеу бойынша көшпелі практикалық сабақтар өткізу көзделген.

Курс биылғы қараша айының соңына дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама