Қазір республикалық жолдарға 454 техника мен 562 адам жұмылдырылған
«Қазавтожол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автокөлік жолдарындағы су тасқыны туралы соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2024 жылғы 11 сәуірдегі сағат 9:30-дағы жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 9 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7 153 метр болатын су тасқыны болды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автокөлік жолында (ұзындығы – 640 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазір республикалық жолдарға 454 техника мен 562 адам жұмылдырылған.