Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Өңірде 1 сәуірден бастап «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

 Динара Амантай 11.04.2024 | 09:56
Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді
Фото: polisia.kz

Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңірде 1 сәуірден бастап «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер балықтың заңсыз айналымына байланысты 6 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 4 дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл ретте 7 су қайығы, 8 автокөлік, сонымен қатар 435 келі бекіре және бекіренің 2 келі 500 грамм уылдырығы тәркіленіп, «Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытына» тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама