×

Елордалық еріктілер мен коммуналдық қызмет жұмысшылары тасқынға қарсы күреске жұмылып жатыр

Барлық қажетті техника, инертті материалдар, құм салынған қапшықтар жеткізілді

 Динара Амантай 11.04.2024 | 09:23
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордалық еріктілер мен коммуналдық қызмет мамандары Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы күреске көмектесіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласындағы «Жастар рухы» және «Астана жастарының» 150-ге жуық еріктісі Жібек Жолы кентіндегі (Ақмола облысы) су тасқынына қарсы күреске көмектеседі.

Жібек жолы ауылының маңында еріген су деңгейінің жоғарылауына байланысты бұл өңірде тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Екі тәулік бойы елорда еріктілері қорғаныш жер білігін нығайтуға көмек көрсетіп келеді.

Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы су тасқынына қарсы күреске елорда әкімдігі қорғаныс құрылысын салу және нығайту жұмыстарын жалғастыру үшін барлық қажетті техниканы, инертті материалдарды, құм салынған қапшықтарды апарды.

Өткен айдан бастап елорданың коммуналдық қызметінің бір бөлігі Ақмола облысының Жібек жолы ауылына көмек көрсетуге бағытталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама