Halyq Uni логотип
×

Бишімбаевтың тергеу изоляторында жасырын түрде жазып алынған әңгімесі жарияланды

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың уақытша ұстау изоляторында белгісіз біреумен әңгімесі жасырын түрде жазып алынған

 Халық үні 11.04.2024 | 08:50
Бишімбаевтың тергеу изоляторында жасырын түрде жазып алынған әңгімесі жарияланды
Фото: Halyq Uni

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың уақытша ұстау изоляторында белгісіз біреумен әңгімесі жасырын түрде жазып алынған, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Прокурор Айжан Аймағанова сот залында әңгіменің стенограммасын оқыды. Прокурордың айтуынша, тергеу изоляторында Бишімбаевқа қатысты жасырын тергеу амалдары жүргізілген. Аталған әңгіме 2023 жылдың 10 қарашасында сағат 12:39-12:50 аралығында жазылып алынған. 

Белгісіз адам: «Сен мүлдем ұйықтамаған сияқтысың».

Бишімбаев: «Таңертең ұйықтадым».

Белгісіз адам: «Талғат келгенде алдында сөйлеген жоқпын. Ол менімен бірге экс-министр отырғанын айтты. Жаңалықтар шулап жатыр дейді. Мейрамханада келушілер арасында жанжал болған, төбелес болып, экс-министр дене жарақатын салған деді. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды деді».

Бишімбаев: «Ол ұйықтап жатты, біз көп іштік, ұрысып қалдық, мен ұйықтамадым, мен сағат бірде ояндым, бірақ ол мейрамханада ұйықтап жатқан болатын.

Белгісіз адам: «Ол жерде диван бар ма?».

Бишімбаев: «Иә, диванда».

Белгісіз адам: «Қате түсініп қалма, бәрібір шу болды ғой. Қызметкерлер назар аудармады ма?».

Бишімбаев: «Ешкім болған жоқ, түнде болды, біз келгенде ешкім жоқ еді».

Белгісіз адам: «Әлеуметтік желіде барлығы қызметкерлерді кінәлалап жатқан көрінеді, бойкот жариялау керек деген сияқты».

Бишімбаев: «Ешкім болған жоқ, сол жерге бардық, отырдық, ұрыстық».

Белгісіз адам: «Біреу келді ме?».

Бишімбаев: «Біз Биланда, Дима Биланның концертінде болдық. Сонда бардық, ұрысып қалдық. Ол тұрды, кетті, мен оның соңынан ердім, хай-вай болды жалпы».

Белгісіз адам: «Мен таңғалып тұрмын, өліп қалатындай қай жерлерінен ұрдың?».

Бишімбаев: «Мен оны жұдырықпен ұрған жоқпын».

Белгісіз адам: «Құлап қалды ма, әлде қалай?».

Бишімбаев: «Білмеймін. Бір кезде жатып ұйықтап қалды. Ұзақ ұйықтады, қорылдады, мен оған ондай ештеңе жасаған жоқпын».

Белгісіз адам: «Сенің өміріңде қара жолақ басталған сияқты».

Бишімбаев: «Тағдырым сондай. Ол жерде ешкім болған жоқ, мен ініме телефон соқтым, оны оятуға тырыстық. Сол жерде сұрадық, «көп ішсе, ұйықтап алсын» деді. Біз сыртқа шықтық, жарты сағаттан кейін қайтадан кірдік. Ол қорылдауын қойды, денесі суық болды, мен дереу жедел жәрдем шақырдым».

Белгісіз адам: «Сенде ішіп-ішіп, есте сақтау қабілетіңді бір сәтке жоғалтып аласың ғой, сондай болған сияқты».

Бишімбаев: «Жоқ, мен есте сақтау қабілетімді жоғалтқан жоқпын».

Белгісіз адам: «Жоқ, жоғалту емес, кейде жартысы есіңе түседі, ал жартысы есіңде жоқ болады».

Бишімбаев: «Жай ғана ұрысып жатыр едік, ол кеткісі келді. Менің соған ашуландым. Кішкене жанжал болса болды, ол: «Кетемін» деп бастайды.

Белгісіз адам: «Ол сені солай бопсалады ма?».

Бишімбаев: «Сол күні кешке сондай бір кішігірім жанжал болды, ол жай ғана кетіп қалды. Біз келгенде ұрысып қалдық, бүкіл қызметкерлер сонда болды. 2-3 бөтелке шампан іштік. Сосын сабырлы түрде үйге шықтық. Көшеде сөйлестік. Бірақ кейін көлікте ұрысып қалдық».

Белгісіз адам: «Менің өмірімде көп мүмкіндік болды. Сенің ең болмағанда мансап жолың болды, мақтана аласың».

Бишімбаев: «Мақтанатын несі бар?».

Белгісіз адам: «Білмеймін, жоғарыда болдың, сол жерде басшылық қызметте болдың.  Мен 20 жасымнан бері осылаймын. Отырдым, болды, еш жерде оқымадым».

Бишімбаев: «Білесің бе, біз бір-бірімізді қатты жақсы көретінбіз».

Белгісіз адам: «Иә, түсінемін, сен әлі де өзіңізді жаман сезініп тұрсың, өзіңді іштей жеп жатырсың».

Бишімбаев: «Біз жаңа жылға үйді жөндеуді бастағанбыз, суретке түстік, сол күні кешке концерт болды, таңертең ол: «Менің киетін ештеңем жоқ» деп ренжіп қалды. Барып киім алдық. Ол жұмыс істеу үшін қалды, мен өз ісіммен айналыстым. Кешке ол құрбысымен барды, мен кешігіп қалдым. Біз күнде таңертең тұрып, жоспар құрушы едік. Не болғанын білмеймін», – делінген жазбада.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама