×

Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады

ЕХӘҚМ тиісті бұйрығының жобасы әзірленді

 Динара Амантай 10.04.2024 | 17:41
Фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлері күні – 20 мамыр;
  • Ветеринариялық қызметкерлер күні – 10 шілде;
  • Аңшылық шаруашылығы қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
  • Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлері күні – 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының қызметкерлері күні – 18 қараша.

Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама