Мемлекет басшылары алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін қарастырды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшылары бірін-бірі Ораза айт мейрамымен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты.
Қазақстан президенті Түркия Республикасымен бауырластық қарым-қатынасты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен өзара тілеулестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеді.
Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін қарастырды.