Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды

Күдікті Ішкі істер министрлігінің есебінде тұрған

 Дастан Жұмабекұлы 10.04.2024 | 15:31
Түркістан облысында бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында бұрын бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Саховтың айтуынша, ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірігіп, жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде деструктивті діни ағымның жақтаушысы, Жетісай ауданының тұрғынын анықтап, ұстаған.

Бұрын бірнеше рет сотталған 58 жастағы ер адам мессенджерде чат құрып, онда радикалды уағызшылардың бейнематериалдарын жариялап, тыйым салынған деструктивті діни ағым идеологиясын насихаттайтын хабарламалар жариялаған, – деді ол.

Жедел уәкілдер ІІО есебінде тұрған күдіктіні Жетісай қаласынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазір күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы енді анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама