Алматы облысындағы пластикалық терезелер шығаратын цехтан өрт шықты

Динара Амантай

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 техника жұмылдырылды

Фото: Halyq Uni

Алматы облысындағы пластикалық терезелер шығаратын цехтан өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Талғар ауданында пластикалық терезелер шығаратын цех өртенген. Оның ауданы – 78 шаршы метр.

Жалын толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам мен 2 техника жұмылдырылған.