Алматы облысындағы пластикалық терезелер шығаратын цехтан өрт шықты
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 техника жұмылдырылды
Алматы облысындағы пластикалық терезелер шығаратын цехтан өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Талғар ауданында пластикалық терезелер шығаратын цех өртенген. Оның ауданы – 78 шаршы метр.
Жалын толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам мен 2 техника жұмылдырылған.