×

Оңтүстік Кореяда қазақстандық мерт болды

СІМ марқұмның туыстарымен байланысқа шыққан

 Дәурен Ерболат 10.04.2024 | 11:28
Фото: yna.co.kr

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қайғылы оқиға 8 сәуірде Чонджу қаласындағы шыны өндіру зауытында болған. Алдын ала дерек бойынша, кәсіпорында 30 жастағы қазақстандықты тоқ соққан. Ол ауруханада көз жұмған. Жергілікті полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Ақпаратты СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

Қазақстан азаматы өндіріс орнында көз жұмды. Қазір біз марқұмның туыстарымен байланысып, тиісті құжаттарды рәсімдеп жатырмыз, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама