×

Солтүстік Қазақстан облысында халық қауіпсіз жерге көшірілді (ВИДЕО)

СҚО құтқарушылары бұрын-соңды болмаған табиғи апатқа қарсы бірігіп жұмыс істеп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 10.04.2024 | 10:30
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысында халық қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, адамдардан бөлек, үй жануарлары мен азық-түлікті қауіпсіз жерге апарып жатыр.

СҚО құтқарушылары бұрын-соңды болмаған табиғи апатқа қарсы бірігіп жұмыс істеп жатыр. Облыстағы қалыптастып отырған жағдайды облыстың төтенше жағдайлар департаментінің бүгін таңертең жариялаған видеосынан да көруге болады. Бейнежазбаны Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады. Онда СҚО тұрғындарының қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны бейнеленген.

Бүгін түнде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұрат Қанғожинов Сергеев су қоймасында су ағынының азайғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама