×

6 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Су басқан жол учаскелеріне 365 техника мен 701 адам жұмылдырылған

 Динара Амантай 10.04.2024 | 09:21
Фото: Halyq Uni

Еліміздің 6 өңіріндегі жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3 мың 655 метрді қамтитын су тасқыны болды. 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автокөлік жолында (ұзындығы 626 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды, – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.

Қазір республикалық жолдарға 365 техника мен 701 адам жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама