×

Астанада үй жануарларына екпе тегін салынады

Ветеринарлық клиникаға бару жеңілдейді

 Дәурен Ерболат 10.04.2024 | 09:10
Фото: news.myseldon.com

Елордада үй жануарларына құтыруға қарсы тегін екпе салу басталды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астаналықтар үй жануарларын тегін вакцинациялап, оларды гельминттерден емдей алады. Мақсат – үй жануарларын қорғау және ветеринарлық клиникаларға бару процесін жеңілдету. Ветеринарлар үйлерге өздері барады.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК ұйымдастырады. Толық ақпарат алу үшін жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін +7 700 724 82 06 нөміріне хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама