Қазір қала сыртындағы екі зират су астында қалды
Атырау облысы Құлсары қаласындағы дүкендердің бірінің маңында судан ер адамның денесі табылды, деп хабарлады Ақ Жайық басылымы.
Мәйітті төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері тапты. Облыстық полиция жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Құлсары қаласында табылған мәйітті қала сыртында орналасқан зираттардың бірінен су ағыны алып кеткен. Табылған мәйіттің су тасқыны кезінде жоғалып кеткен іздеуде жүрген әке мен балаға қатысы жоқ, - деп хабарлады полиция.
Қазір қала сыртындағы екі зират су астында қалды.