×

Мораторий аяқталды: полиция ірі сауда орталықтарын тексеруге кірісті

Әрбір қызметкер терроризм қаупі төнгенде не істеу керектігін білуі керек

 Дәурен Ерболат 09.04.2024 | 17:39
Фото: polisia.kz

Алматыда полиция терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту үшін қаладағы ірі сауда орталықтарын тексеруге кірісті, деп хабарлады Polisia.kz.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің аяқталуын ескеріп, террористік тұрғыдан осал объектілердің, оның ішінде ірі сауда орталықтарының, ғибадат орындары мен қоғамдық тамақтану нысандарының терроризмге қарсы қауіпсіздігінің жай-күйіне жоспарлы тексеріс жүргізілді.

Полиция терроризмге осал нысандарды тексеріп, терроризмнен қорғауды бақылауды ұйымдастыру бағытында тұрақты жұмыс істейді. Сондықтан тәртіп сақшылары нысандардың басшылары мен иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ терроризмге осал нысандардың инженерлік-техникалық беріктігі мен терроризмге қарсы қорғанысының іс-қимыл саласындағы заң талаптарына сәйкестігін тексеретін арнайы жұмыс топтары құрылды, – деді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Қуатбек Науатов.

Жақында полицейлер Mega Park сауда орталығына барып, орталықтың бейнебақылау жүйелері, төтенше жағдайларға әрекет ету механизмі мен дабыл түймелерін тексерді.

ТҚЕ мекемесінің әрбір қызметкері террористік қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмін білуі керек. Мысалы, күдікті зат анықталса, оны ұстауға, жылжытуға, кез келген нәрсемен жабуға және басқа да әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынады. Бұл жағдайда қалалық қызметтерге ескерту керек. Сауда нысандарының директорларына ТҚЕ объектілерін терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – деді Қуатбек Науатов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама